Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 млрд бөлінді: "Бақытты отбасы" аясында баспаналы бола алатындар саны артты

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Бақытты отбасы" бағдарламасын іске асыруға қосымша 20 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды "Отбасы банк" ресми сайтында.

"Отбасы Банк" "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінімдер лимитін 5000-нан 7500-ға дейін арттырғанын хабарлады.

"Бағдарламаның әлеуметтік маңыздылығы аса жоғары екенін ескере отырып, осы мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен қосымша 20 млрд теңге бөлінетін болды", - делінген банктің хабарламасында.

2021 жылдың 12 сәуірінен бастап 2021 жылдың 26 мамырына дейінгі аралықта (қоса алғанда) Банк сайтында "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданды. Нәтижелерді ЖСН немесе өтінім нөмірі бойынша тексеруге болады.

Өтініштерді бөлу кезінде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға басымдық беріледі.

"Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың негізгі әлеуметтік мәселелерінің бірі – тұрғын үй және тұрмыстық мәселелер. Бұл отбасылар аталмыш мәселелерді өз күшімен еңсере алмағандықтан, олар әлеуметтік көмек пен қолдауға мұқтаж.

Сонымен қатар, мұндай отбасында экономикалық мәселелер жиі кездеседі. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларда материалдық қамсыздандыру деңгейі басқа отбасыларға қарағанда төмен. Бұл бірқатар себептерге байланысты: жұмыстан мәжбүрлі түрде кету; қысқартылған жұмыс күнін рәсімдеу; жалақы жоғалтумен байланысты жұмысты мәжбүрлі түрде өзгерту; баланы емдеу және сауықтыру үшін ақысыз еңбек демалысын рәсімдеу; дәрі-дәрмектің тапшылығы; қосалқы техникалық құралдар мен арнайы құралдарды сатып алу, медициналық кеңесшілерге ақы төлеу және т.б. шығындар", - деп түсіндірлген хабарламада.

Негізгі тізімге енбеген үміткерлер резервтік тізімге негізгі тізім жасалатын тәртіпке ұқсас тәртіппен енгізіледі.

Бағдарлама шарттарымен сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1917738-20-mlrd-bolindi-baqytty-otbasy-ayasynda-baspanaly-bola-alatyndardyn-sany-artady/

pixel