Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас отбасылар қандай бағдарламалармен баспаналы бола алады: ИИДМ жауабы

Жарияланған күні:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

ИИДМ қазақстандық жас отбасыларға пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдаудың жеңілдікті шарттарын атап, қолданыстағы және әкімдіктер әзірлейтін тұрғын үй бағдарламалары туралы айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Отбасы банк" АҚ арқылы жылдық 2% жеңілдікпен несие алу мүмкіндігі бар. Аталмыш несие кезекте тұрғандарға, атап айтқанда, көпбалалы, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар жанұяларға беріледі. Бүгінге дейін аталған бағдарлама бойынша табысы төмен санаттағы 9443 отбасы баспаналы болып үлгерген.

Кезекте тұрған тағы 17 мыңында "5-10-20" мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға қарыз алу мүмкіндігі қарастырылған. Олар тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасын төлеп, 5%-бен 20 жылға дейін несие алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл мақсатқа президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 210 млрд теңге бөлінген. Аталмыш бағдарлама бойынша 9 699 отбасы пәтер сатып алуға несие рәсімдеген.

Одан бөдек, 2020 жылдың шілдесінде банк жас отбасыларға арналған "Жас отбасы" атты өзінің тұрақты бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарламамен бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй, сондай-ақ өз үйін салу үшін жер учаскесін сатып алу мақсатында қарыздар жылдық 6%-бен беріледі. Ал екі жыл өткеннен кейін мөлшерлеме 5%-ға дейін төмендейді. Несиелеу мерзімі 6 жылдан 9 жылға дейін. Бағдарламаға қатысушы ерлі-зайыптылардың жасына және отбасындағы балалардың санына қатысты ешқандай шектеулер жоқ.

"Жас отбасы" бойынша қарыз алудың негізгі талаптары келесідегідей:

- некеде 3 жылдан 5 жылға дейін тіркелу;

- "Отбасы банкте" депозиттің болуы (ашылуы);

- тұрғын үй құнының 50%-ын жинақтау.

Сонымен қатар, сатып алынатын тұрғын үй сомасының 50%-ын бір мезгілде салған кезде жеңілдікті қарыз алу мүмкіндігі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1918155-zas-otbasylar-qandai-bagdarlamalarmen-baspanaly-bola-alady/