Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің барлық дерлік банктері "Баспана хит" бойынша өтінімдер қабылдауды тоқтатты

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде банктердің көпшілігі лимиттің толық игерілуіне байланысты "Баспана Хит" жеңілдікті ипотекалық бағдарламасына өтінімдер қабылдауды аяқтады деп хабарлайды Krisha.kz.

Бағдарлама бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылғанын алғашқылардың бірі болып ЦентрКредит банкі 23 маусым күні жария еткен. Өзге банктер бойынша жағдай келесідегідей:

- Jysanbank тек Jysanbank және АТФБанк жалақы жобаларына қатысушылардың өтініштерін қабылдауда (банктер бірігіп жатыр);

- Bank RBK өтінішті тек қана "Базис-А" нысандарындағы үлестік құрылысқа қатысушылардан қабылдауда.

Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымнан бастап Halyk Bank пен Сбербанк өтініш қабылдауды тоқтататынын хабарлады. Кейін бұл туралы Forte Bank және Еуразиялық банк те мәлімдеді.

Айта кетсек, бұған дейін елімізде баспаналы болуға мүмкіндік беретін "Баспана хит" пен "7-20-25" тоқтатылатыны хабарланған еді. Төмен пайызбен несие алуға болатын мемлекеттік бағдарламалардың не үшін әріқарай жалғасын таппайтынын мамандар саралап көрді.

Мамандар "Баспана хит" бағдарламасы бастапқы мақсатына қол жеткізгенін, алайда "7-20-25" нарыққа көпшілік күткендей өзгеріс әкелмегенін айтады. Кейінгі 4 жылда тек 28 мың адам пәтерлі болған. Қаралған қаражаттың тек 330 млрд теңгесі игерілген.

Осы орайда Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов "7-20-25" және "Баспана хит" тұрғын үй бағдарламаларының аяқталу мерзіміне қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1919190-elimizdin-barlyq-derlik-bankteri-baspana-xit-boiynsa-otinimder-qabyldaudy-toqtatty/

pixel