Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар алдағы уақытта Қазақстанда бензин мен азық-түлік қымбаттайтынын болжады

Опубликовано:

Бензин құю бекеті
Көрнекі фото: pixabay.com

Мамандар алдағы уақытта Қазақстанда бензин қымбаттайды деп болжап отыр. Сарапшылардың пікірінше, елдегі бензин құны екі жылдан кейін Ресейдегі бағамен тең болады. Сәйкесінше, азық-түлік тауарлары да қымбаттайды.

"Астана" телеарнасының тілшілері энергетика саласының маманы, экономист Сергей Смирновпен әңгімелесті.

Телеарнаның деректеріне сүйенсек, көршілес Ресейде бүгінде бензин шамамен 50 рубльді құрайды, яғни литрі 292 теңге шамасында.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы бірнеше жылда екі ел арасындағы баға бірдей болуы мүмкін, сәйкесінше Қазақстанда бензин қымбаттайды. Одан кейін, азық-түлік тауарлары да қымбаттауы мүмкін.

"Билік не десе де, біздегі баға ресейлік бағаға тәуелді. Сонымен қатар, 2025 жылға қарай жалпы энергетикалық нарық жұмыс істеуі керек. Тиісінше, жанармай бағасы бірдей болуы тиіс", – дейді Смирнов.

Сондай-ақ, жуырда Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары басталады. Бұл да жанар-жағармай бағасының өсуіне әкелуі мүмкін, деп атап өтті арна.

"Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары шілде-тамыз айларына жоспарланған болатын. Оңтүстік өңірлердегі ағымдағы жағдай мен балансты ескере отырып, біз ҚазМұнайГаз-бен бірге жөндеу жұмыстарын кейінге ауыстыру немесе ауыстырмау мәселесін қарастырып жатырмыз. Жақын күндері шешім қабылдап, хабарлаймыз", – дейді энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін бәсекелесті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің қымбаттауына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1920351-sarapsylar-aldagy-uaqytta-qazaqstanda-benzin-men-azyq-tulik-bagasy-osetinin-bolzady/

pixel