Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік жәрдемақы алуға қатысты жағымды жаңалық жарияланды

Опубликовано:

люди сидят в ЦОНе
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2021 жылдың үшінші тоқсанынан бастап әлеуметтік төлемнің үш түрін тіркелген мекенжайға қарамастан алуға болады деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов қазіргі уақытта әлеуметтік төлем рәсімдеудегі басты талап - тұрақты мекенжай анықтамасы екенін жеткізді.

Оның сөзінше, мемлекеттік қызмет көрсету процесін цифрландыру аясында жаңашылдық енгізіліп отыр. Енді кейбір қызмет түрлерін тіркелген мекенжайға қарамастан, кез келген  халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады, дейді Біржан Жүнісов.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары қазақстандықтар үшінші тоқсанда бала туу, бала күтімі бойынша жәрдемақы, жүктілікке байланысты табыстан айырылу кезінде төленетін ақшаны осы қағидат бойынша ала алатынын сөз етті. Сондай-ақ, бала асырап алуға байланысты төлемді де осылай рәсімдеу қарастырылған.

Өзге төлемдер бойынша да жыл соңына дейін осы тәртіпті енгізуді жоспарланып отыр.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында "Азаматтарға арналған үкімет" әлеуметтік салада 800 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

Мемлекеттік корпорация төлемнің 44 түрі бойынша электронды макет енгізбек.

Міндетті зейнетақы, әлеуметтік және медициналық аударымдар бойынша дербестендірілген есеп болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1921512-aleumettik-zardemaqy-aluga-qatysty-zagymdy-zanalyq-zariyalandy/

pixel