Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ет бағасы көтеріле ме

Опубликовано:

Ет1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев алдағы уақытта елімізде ет бағасы көтерілуі мүмкін екенін жеткізді деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол әлемде азық-түлік қымбаттап жатқанын еске салды. Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, сол себепті ет бағасы көтерілуі мүмкін. Алайда нақты болжамды айта алмаймын, дейді ол.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі малдан айырып қалмауы үшін тиісті жұмысты жүргізеді",  – деді министрдің міндетін атқарушы.

Сонымен қатар Ербол Қарашөкеев еттің қымбаттауына қатысты жеке пікір білдірді.

"Ауыл шаруашылығы министрі ретінде айтайын. Ет бағасы өскенде біртүрлі сезім болады.

  • Біріншіден, мал өсірушілер үшін қуанамын. Олардың жұмысы ауыр ғой, бірақ баға өсіп жатыр.
  • Ал екінші жағынан баға қарапайым тұрғындардың қалтасына ауыр салмақ түсірмесін деп ойлаймын. Бұл жұмысты Ауыл шаруашылығы министрлігі ғана емес, Сауда және интеграция министрлігі, жергілікті атқарушы органдар бірігіп жүргізуі қажет". – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1926585-qazaqstanda-et-bagasy-koterile-me/

pixel