Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір жыл ішінде үйдің бағасы мен пәтер жалдау құны қаншаға шарықтады

Опубликовано:

Баспана алу
Көрнекі сурет: pixabay.com

Бір жыл ішінде баспана бағасы мен пәтер жалдау құнының қаншаға көтерілгенін "Хабар 24" жария етті.

Басылым мәліметіне сәйкес, шілде айында екінші нарықтағы баспана құны шаршы метрі үшін 270 мың теңгеден асқан. Бұл 2020 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 16 пайызға жоғары. Жалпы біржылдық өсім деңгейі шамамен 25 пайызды құрап отыр.

Ал жаңа баспаналардың бағасына келетін болсақ, жыл басынан бері оның бағасы 9,7 пайызға өсіпті. Пәтер жалдау құны да жоғарылаған - баға өсімі 8 пайызды құрады.

Еске салсақ, бұған дейін сарапшылар баспана бағасының шарықтауын пандемиямен, зейнетақы қорындағы қаржыны пайдаланушылардың артқанымен түсіндірген болатын.

Дегенмен олар баспананың қымбаттауы бірінші кезекте құрылыс материалдары бағасының өсуімен байланысты екенін айтады. Дәл осы себептен жалпы әлемде тұрғын үйдің бағасы өскен.

Сол арада Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде тұрғын үй бағасына қатысты өз болжамын ұсынған еді.

Ол күзде тұрғын үй бағасының төмендеуі күтілетінін болжаған болатын.

"Біздің болжам бойынша тұрғын үй бағасы маусым-шілде айларында тұрақтанды, бұған дейін болған баға өсімі зейнетақы жинағын баспана алуға рұқсат етілуімен байланысты. Бүгінде ол мәселе де бір ретке келді. Менің жеке болжамым бойынша алдағы қыркүйек айында тұрғын үй бағасының төмендеуі күтіледі", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1926592-elimizde-bir-zyl-isinde-uidin-bagasy-men-pater-zaldau-quny-qansaga-saryqtady/

pixel