Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жұмыссыз азаматтарға 85 мың теңге төленетіні рас па: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі табысы төмен азаматтарға субсидия төленетіні туралы ақпаратты теріске шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алады деген ақпарат тарауда. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осы ретте, министрлік жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын еске салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде алаяқтар 50 мың теңге жәрдемақыны рәсімдеуге көмектесетінін айтып, жалған ақпарат таратып жатқанын жазған едік.

Жалған ақпаратта 50 мың теңге төлемді алу үшін өтініш берушінің банктік шотқа 3120 теңгені аудару қажет екені көрсетілген.

Осы орайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлемдер туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1926653-elimizde-zumyssyz-azamattarga-85-myn-tenge-tolenetini-ras-pa-ministrlik-zauap-berdi/

pixel