Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"50 мың теңге сыйақы": Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 000 теңге мөлшеріндегі сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы хабар тарады. Бұған қатысты ведомство ресми сайтында пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралып жатқан, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 000 теңге мөлшеріндегі сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді" делінген хабарламада.

Министрлік мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға ешқандай сауалнама жүргізбейтінін атап өтті.

"Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды шоттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін ешбір жағдайда күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді және онда өзіңіздің жеке деректеріңізді қалдырмауыңызды сұраймыз. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз" деп ескертті ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1927240-50-myn-tenge-syiaqy-aleumettik-zelide-taragan-aqparatqa-ministrlik-tusinikteme-berdi/

pixel