Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде зейнеткерлерге 59 мың теңгеден берілетіні рас па

Опубликовано:

Зейнетақы
Көрнекі фото: expansion.mx

Әлеуметтік желіде әрбір зейнеткерге 59 000 теңге мөлшерінде өтем төленетіндігі туралы ақпарат тарап жатыр. Онда мемлекет басшысының тиісті тапсырма бергені айтылған. Алайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Азаматтарға мұндай хабарламаларды алаяқтар жеке аккаунттар мен банктік шоттарды иемдену үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыздар. Азаматтардан фейктерге назар аудармауын және ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана алынған ақпаратты ғана пайдалануын сұраймыз", – делінген хабарламада.

Осы орайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты ресми дереккөздерден ғана алуды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1928646-elimizde-zeinetkerlerge-59-myn-tengeden-beriletini-ras-pa/

pixel