Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мобильді қосымша арқылы бағалы қағаздарға қалай инвестиция жасауға болады

Жарияланған күні:

Павел Афанасьев
Фото: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Енді брокерлік компаниялар брокерлік шотты қашықтан басқаруға арналған көп функциялы мобильді қосымшалар ұсынады, деп хабарлайды Nur.kz.

Ол үшін клиент брокерлік компаниядан брокерлік шот ашып, брокерлік қызмет көрсетуге тиісті шарт жасау қажет.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының міндетін атқарушы Павел Афанасьев мобильді қосымшаның бірнеше функциясына ерекше тоқталды.

«Брокерлердің қосымшалары биржаның сауда жүйесімен өзара іс-қимыл жасайды, бұл клиенттерге бағалы қағаздарды жедел сатып алуға және сатуға, сауда шоты, ақша қозғалысы және бағалы қағаздар туралы ақпаратты қарауға, мәмлелер бойынша есептерді, белгілі бір кезеңге шоттың жай-күйі туралы үзінді-көшірмелерді қарауға, инвестициялық портфельдің жай-күйіне мониторинг жүргізуге, жасалған мәмлелердің маңызды мәртебесін көруге және тәулік бойы нақты уақыт режимінде биржалық баға белгілеулерді бақылауға мүмкіндік береді. Қосымшаларда баға белгілеу кестелері, пайыздық бағалардың ауытқуы және инвестициялық шешімдер қабылдауға қажетті басқа да бірқатар көрсеткіштерді қамтитын әртүрлі талдамалық ақпарат бар», - дейді Афанасьев

Шоттың иелері сауда тапсырмаларын ұсына алады, инвестициялық шотты банк картасымен толықтыра алады, дербес деректерді жаңарта алады. Бұдан басқа, клиентке бұрын жасалған мәмілелердің барлық тарихы қолжетімді.

Бір айта кетерлігі, шот ашу үшін клиент брокердің кеңсесіне жеке өзі жүгіне алады. Алайда клиенттерге ыңғайлы болу үшін кейбір брокерлер мобильді қосымшалар арқылы динамикалық немесе биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып, қашықтан шот ашуды және шарт жасасуды ұсынады.

«Мобильдік қосымшаларды пайдалану кибер тәуекелдермен байланысты екенін ескере отырып, қаржы реттеушісі брокерлерге мәмілелер жасасу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын қойды. Клиентті сәйкестендіру үшін ақпаратты қорғаудың кешенді шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдары клиенттің сенімді аутентификациясын, оның дербес деректеріне рұқсатсыз кіруден қорғауды және осы ақпараттың брокердің дерекқорлары мен архивтерінде толық сақталуын қамтамасыз етуі тиіс», - деп атап өтті Павел Афанасьев.

ҚНРДА өкілінің айтуы бойынша, бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасау тиісті инвестициялық тәуекелдермен байланысты және сауда үшін толыққанды инфрақұрылымның болуына қарамастан, инвестициялық табыстың немесе мәмілелерден келетін залалдардың болмауына кепілдік бермейді.

«Сондықтан бастаушы инвестор инвестициялау мақсатын анықтап, қаржы реттеушісінің лицензиясы бар сенімді брокерді таңдауы қажет. Бұл үшін брокердің қаржы нарығында кәсіби қызметін жүзеге асыру лицензиясының бар екендігін ҚНРДА сайты арқылы тексеру қажет. Кез келген инвесторға өзі үшін инвестициялаудың оңтайлы стратегиясын дербес анықтау, сондай-ақ қор нарығындағы жалпы жағдайды бағалау мүмкіндігіне ие болу мақсатында өз қаржылық сауаттылығын арттыруға назар аударған өте маңызды болып табылады», - деп қорытындылады Павел Афанасьев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1928779-mobildi-qosymsa-arqyly-bagaly-qagazdarga-qalai-investiciya-zasauga-bolady/