Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр шағын бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды ұсынды

Опубликовано:

Кәсіпкер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастауды ұсынды деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның айтуынша, былтыр енгізілген тексерулерге үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендеткен.

"Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдауда. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз", - деді Ерұлан Жамубаев.

Жалпы, Қаржы министрлігінің атап өтуінше, ұсынылып отырған іс-шара мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюына мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында ауыл кәсіпкерлері жеке бизнесін қалай ашқанын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1930027-ministr-sagyn-biznesti-tekseruge-moratoriidi-alyp-tastaudy-usyndy/

pixel