Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасының ипотекалық мөлшерлемесі 2 пайыз болатыны рас па

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында Қазақстанда ипотекалық мөлшерлеме 2 пайыз болатынын жеткізді деп хабарлайды Қазақпарат.

Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, үй кезегінде тұрған азаматтарға "Отбасы" банкінің ипотекалық бағдарламалары бойынша бастапқы жарна көлемі баспана құнының 10 пайызына дейін төмендетілген.

"Отбасы табысына байланысты жеңілдікті несиелендіру бойынша мөлшерлеме жылдық 2 пайыз және 5 пайыз болады", - деді министр.

Министрдің дерегінше, баспана жағдайын жақсартуға зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы қағидаларға өзгерістер енгізіледі. Соған сәйкес зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегінен асатын бөлігін үй сатып алу үшін "Отбасы банкінің" шотына аударуға мүмкіндік берілмек.

Осы орайда Бейбіт Атамқұлов құрылыс салушыларды қолдау мақсатында мемлекеттік- жекеменшік әріптестік және үлестік құрылыс әлеуетін пайдаланып, жобалық қаржыландыру тетігі енгізілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1930066-biryngai-turgyn-ui-bagdarlamasynyn-ipotekalyq-molserlemesi-2-paiyz-bolatyny-ras-pa/

pixel