Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы бір тұрғын үй бағдарламасы жабылады

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде тағы бір тұрғын үй бағдарламасы жабылмақ. "Отбасы банк" 9 қыркүйектен бастап "Шаңырақ" пилоттық жобасы арқылы баспанаға өтініш қабылдауды тоқтататын болады деп хабарлайды "Қазақстан" арнасы.

Бұл бағдарламаға мемлекеттен бөлінген қаржы толық игерілгендіктен, "Отбасы банкі" 9 қыркүйектен бастап бағдарлама бойынша өтініш қабылдауды тоқтатпақ.

Айта кетсек, "Шаңырақ" жобасы арқылы әкімдікте үй кезегінде тұрғандарға арзан ипотека рәсімдеу көзделген. Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі - 5% , бастапқы жарнасы - 10% , ал несие мерзімі - 20 жыл.

Телеарна мәліметіншек, пилоттық жоба тоқтатылғанымен, "Нұрлы жер" және "Бақытты отбасы" бағдарламалары арқылы өтініш қабылдана береді.

"Отбасы банкі" жыл соңына дейін үй кезегінде тұрған 12 мың адамға пәтерге несие беруді жоспарлап отыр", - деп хабарлайды "Қазақстан" арнасы.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану ережелері қайта қаралатыны туралы жазған едік.

Министрлер кабинетінің онлайн отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бірыңғай тұрғын үй саясатын құруға қатысты бірқатар ақпаратты назарға ұсынған болатын.

Атамқұловтың айтуынша, зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану ережелеріне түзетулер енгізіледі.

Оның ішінде, жеткіліктілік шегінен асатын жинақтың бір бөлігін алдағы уақытта тұрғын үй сатып алу үшін "Отбасы банкіндегі" шотқа аударуға мүмкіндік беруді қарастыратын түзетулер енгізілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1930528-qazaqstanda-tagy-bir-turgyn-ui-bagdarlamasy-zabylady/

pixel