Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда құрылыс материалдарының бағасы неліктен көтеріліп кетті

Опубликовано:

Құрылыс басындағы құрылысшы
Көрнекі сурет: Pixabay

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин үкімет отырысында құрылыс материалдарының құны не себепті өскенін түсіндірді деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның сөзінше, жыл басынан бері отандық құрылыс материалдары бағасының өсуі 25 пайызды құраған.

Құрылыс материалдары бағасының негізгі өсуі сыртқы нарықтардағы баға жағдайымен негізделген.

Осы орайда Серік Жұманғарин бұл өзгерістер арматура (өсім 45 пайыз), кабель (20 пайыз), профлист (70 пайыз), шыны (35 пайыз) және басқа да материалдар бағасына әсер еткенін жеткізді.

Оның айтуынша, бағаның өсуінің негізінде электр энергиясына тарифтердің орташа - 12 пайызға, жанар-жағармай - 15 пайызға, энергетикалық көмірге -10 пайызға, теміржол тасымалдарына - 18 пайызға өсуі сияқты объективті факторлар бар.

Олар отандық өндірістің құрылыс материалдары бағасының өсуіне тікелей әсер етті. Құрылыс материалдарының өзіндік құнындағы осы шығындардың үлесі 15-дан 30 пайызға дейін құрайды.

"Бағаны көтерудің негізділігін қарау және сөз байласу белгілерін белгілеу мақсатында құрылыс материалдарының 25 түрі (кірпіш, бетон, арматура, цемент және т.б.) бойынша құрылыс материалдары нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіліп жатыр.

Талаптарды бұзу белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 75 хабарлама жолданды.

Бүгінгі таңда 42 компания хабарламаны орындады.

Оның ішінде 35 компания бағаны төмендетті: арматураға – 25 пайыз, цементке – 10 пайыз, бетонға – 10 пайыз, полиэтиленді құбырларға – 6 пайыз, кабельге – 5-дан 14 пайызға дейін, кірпішке - 3 пайыз. Сонымен қатар бұл бағытта 10 тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді агенттік басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1930854-qazaqstanda-qurylys-materialdarynyn-bagasy-nelikten-koterilip-ketti/

pixel