Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде үй бағасы расымен арзандай ма: Отандық маманның болжамы

Опубликовано:

Кілт үй1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазіргі уақытта елімізде баспана бағасы шарықтап тұр. Бірақ, үкіметте бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин үй арзандайтынын айтады деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қазір бастапқы тұрғын үй құны 3%-дан 0,4%-ға, ал 2-ші нарықтағы баспана бағасы 5%-дан 1,1%-ға дейін төмендейтінін жеткізді.

Ал мамандардың айтуынша, пәтер бағасы кенет әрі көп мөлшерде арзандайды деп дәмеленбеген жөн.

"Құрылысшылар бағаны түсіруге мәжбүр болса, құрылысшылар табысынан қағылады. Ал, инвесторлар көретін пайдасын ала алмай, келесі жолы құрылысқа қаржы құймайтын болады. Сондықтан, пәтердің бағасы үлкен мөлшерде түседі деп дәмеленуге болмайды деп есептеймін", – дейді Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының құрылыс бойынша комитетінің төрағасы Төлеген Әшімов.

Құрылысшылардың пікірінше, елде инфляция реттелмейінше, баспана құны аспандаған күйі қалады.

Еске сала кетейік, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин үкімет отырысында құрылыс материалдарының құны не себепті өскенін түсіндірген болатын.

Оның сөзінше, жыл басынан бері отандық құрылыс материалдары бағасының өсуі 25 пайызды құраған. Құрылыс материалдары бағасының негізгі өсуі сыртқы нарықтардағы баға жағдайымен негізделген.

Осы орайда Серік Жұманғарин бұл өзгерістер арматура (өсім 45 пайыз), кабель (20 пайыз), профлист (70 пайыз), шыны (35 пайыз) және басқа да материалдар бағасына әсер еткенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1930965-elimizde-ui-bagasy-rasymen-arzandai-ma-otandyq-mamannyn-bolzamy/

pixel