Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7-20-25" бағдарламасы қашан аяқталады

Опубликовано:

Үй
Көрнекі фото: piqsels.com

"7-20-25" бағдарламасына бюджеттен бөлінген 1 трлн теңгенің 36,2%-ы игерілген. Бұл туралы Ұлттық банкінің баспасөз қызметі "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің сауалына мамандары берген жауабында айтты.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша кредиттеудің индикативтік көлемі 1 трлн теңге мөлшерінде айқындалды. Бағдарлама несиеге бөлінген қаржы толық игерілгенше жалғасады. Бағдарлама іске қосылғаннан бері 367 млрд теңгенің несиесі берілді. Соның арқасында 30 мыңнан астам отбасы жеке баспанаға ие болды. Осылайша, бүгінгі таңда бағдарламаның нысаналы көрсеткішінің 36,2%-ы игерілді", – деп жазылған жауапта.

Банктің бапасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2018 жылдан бастап 2021 жылдың шілдесіне дейін жеке құрылыс салушылар 290 873 тұрғын үй салған. Соның тек 10,3%-ы "7-20-25" бағдарламасы бойынша сатып алынған.

"Салынған тұрғын үйдің шамамен 80%-ын халық құрылыс кезеңінде сатып алатынын, сондай-ақ тұрғын үйді нарықта өткізудің жалпы көлеміндегі бағдарламаның үлес салмағын ескерсек, нысаналы көрсеткішке қол жеткізу ұзақ уақытты талап етеді", – деп жазады Ұлттық банк мамандары.

Еске салсақ, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин үй арзандайтынын айтқан болатын.

Ол қазір бастапқы тұрғын үй құны 3%-дан 0,4%-ға, ал 2-ші нарықтағы баспана бағасы 5%-дан 1,1%-ға дейін төмендейтінін жеткізді.

Оған қоса, Жұманғарин үкімет отырысында құрылыс материалдарының құны не себепті өскенін түсіндірген болатын.

Оның сөзінше, жыл басынан бері отандық құрылыс материалдары бағасының өсуі 25 пайызды құраған. Құрылыс материалдары бағасының негізгі өсуі сыртқы нарықтардағы баға жағдайымен негізделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1930997-7-20-25-bagdarlamasy-qasan-ayaqtalady/

pixel