"7-20-25" бойынша берілетін несиенің шегі көтеріле ме
Опубликовано:
Елімізде баспана бағасы шарықтап жатқаны белгілі. Осы орайда, "7-20-25" бағдарламасы бойынша берілетін үйлердің шекті бағасын көтеру жоспарда бар ма" деген сауалға Ұлттық банк мамандары жауап берді деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Банк мамандарының жауабына сенсек, жыл басынан бері "7-20-25" бағдарламасы бойынша сатып алынған үйлердің орташа бағасы құжатта көрсетілген шекті бағадан 14-28% төмен болған. Сол себепті, Ұлттық банк несиенің шекті мөлшерін көтеруге негіз жоқ деген қорытындыға келіпті.
"7-20-25" бағдарламасы шеңберінде сатып алу үшін тұрғын үйдің ең жоғары құнын арттыруға негіз жоқ", - дейді банк мамандары.
Олар бағдарлама қалай жүзеге асырылып жатқанын да айтып берді.
"Бағдарламада өңірлер бөлінісінде сатып алынатын тұрғын үйге 3 баға лимиті көзделген. Бұл:
– Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 25 миллион теңгеге дейін. Аталған 5 қалаға 2021 жылы бағдарлама бойынша берілген қарыздардың 71%-ы тиесілі. Сол 71%-несиеге сатып алынған тұрғын үйдің орташа құны 18 миллион теңге болған".
– Қарағанды қаласында 20 миллион теңгеге дейін шек қойылған. Мұнда 2021 жылы несиеге сатып алынған тұрғын үйдің орташа құны 16,8 миллион теңгені құрайды;
– Қалған өңірлерде несие шегі 15 миллион теңгеге дейін. Ал сатып алынған тұрғын үйдің орташа құны – 12,9 миллион теңге" - деп жазады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1931003-7-20-25-boiynsa-beriletin-nesienin-segi-koterile-me/