Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемін алу қарқыны 5,5 есе баяулады

Опубликовано:

қаржы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы өлемін алу қарқыны 5,5 есе баяулағанын жеткізді деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның сөзінше, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері зейнетақы жинақтарын алу қарқынының төмендеуі аясында 52 млрд теңгеге немесе 0,4%-ға ұлғайып, тамыздың соңында 12,9 трлн теңгені құраған.

Мысалы, қаражатты ай сайынғы алу көлемі ақпан айындағы 643 млрд теңгеден тамыз айында 118 млрд теңгеге дейін немесе 5,5 есе баяулады.

Осы орайда Ұлттық банк төрағасы салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу сомасы 1,8 трлн теңгеге жеткенін атады.

Яғни, 449,3 мың өтініш қанағаттандырылған. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге 1 765 млрд теңге жұмсалған. Жалпы 8 айдың қорытындысы бойынша елдегі 5,8% инфляция болса, зейнетақы жинағының кіріс деңгейі 7,6% болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1931940-qazaqstanda-birzolgy-zeinetaqy-tolemin-alu-qarqyny-55-ese-bayaulady/

pixel