Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйді жалға алу бағасының өсуі: Алматыда пәтер жалдауға қалай шығынданбауға болады

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі сурет: Depositphotos

Алматыда жаңа оқу жылы басталмай жатып пәтер жалдау бағасы айтарлықтай шарықтады. Осылайша, үйді жалға алу бұрынғыға қарағанда 30%-ға қымбаттады. Бағаның өсуі бірінші кезекте балалары шаһардың жоғары оқу орындарына түскен қазақстандықтардың "қалтасына салмақ түсіруде" деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәселен, жалға алушылардың айтуынша, бүгінде 150 мың теңгеден төмен бағаға бір бөлмелі пәтер табу оңайға соқпайды. Ал сарапшылар болса, бағаның шарықтауына инфляция мен маусымдық фактор себеп деген пікірде, оның үстіне жалға алу бағасын реттеп жатқан ешкім жоқ.

Тұрғын үйді жалға алу кезінде ақша үнемдеудің жолы көп емес, десе де бар. Солардың бірі - бірнеше адаммен бірігіп пәтер жалдау арқылы төлемді өзге жалға алушылармен бөлісіп жүргізу. Бұл көп уақытын жұмысында немесе оқуында өткізетіндер үшін қолайлы, әрі қаржылық тұрғыдан тиімді.

Дегенмен, басқа адамдармен бірге тұру, әсіресе жақсы тани бермейтін адаммен бір пәтерде өмір сүру айтарлықтай ыңғайлы болмауы мүмкін. Бұл жағдайда тек әркімнің жеке бөлмесі болуы мәселені жеңілдете түседі.

Тағы бір әдіс - студентті немесе қазіргі уақытта жеке баспанасы жоқ адамды уақытша паналатуға дайын туыстардың көмегіне жүгіну.

Бұл да ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін жолдардың бірі, оның үстіне сіз бейтаныс адамдардың арасында емес, туыстарыңыздың қасында өмір сүресіз. Бірақ, кейде жақын туыстырадың өзі бір-бірімен сыйыспай, бір үйде тұруды ыңғайсыз деп тауып жатады. Туысыңызбен қарым-қатынасыңызға қаяу түсіруіңіз ғажап емес.

Одан бөлек, сіз жатақханада тұра аласыз - бұл жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін ыңғайлы нұсқа. Десе де оқуын бітірген және отбасын құрған адамдар үшін басқа амал қарастыруға тура келеді.

Әрине, жеке үйіңіздің болғанына не жетсін, бірақ бұл шешімнің де өз кемшіліктері бар - үй сатып алу үшін сіз ұзақ уақыт ақша жинауыңыз керек немесе жылдар бойы төлем жасап отыруды қажет ететін ипотекаға жүгінесіз. Сондықтан, қазақстандықтар көбінесе ұзақ жылдар бойы тұрғын үйді қомақты қаражатқа жалға алуға мәжбүр.

Алайда, көп уақыт пен қаражатыңызды жұмсамай, өз үйіңізге қол жеткізу бүгінде әбден мүмкін болып отыр. Пәтерді жалға алу мен ақшаға сараң келетін жалға берушілер туралы ұмытыңыз.

Ол үшін бар болғаны 2500 теңгеге лотерея билетін сатып алу жеткілікті. Дәл осы қыркүйек айының 26-да қазақстандықтар пәтер ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

TeleBingo ойынының ұтысы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-де Astana TV арнасында тікелей эфирде ойнатылады. Ақшалай сыйлықтардың ойнатылуына келетін болсақ, ол апта сайын өткізіледі.

Билетті Satty Zhuldyz ұлттық лотереясының сайтынан да, сату нүктесінен де сатып алуға болады. Ал бір қатысушыға шаққандағы билеттер саны шектеусіз, бұл ұту мүмкіндігін арттыра түседі. Бұдан басқа, сіз тек пәтерді ғана емес, сонымен қатар қомақты соманы да ұтып ала аласыз - SuperBingo санатындағы кепілдендірілген минималды ұтыс - 5 миллион теңге!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1932158-uidi-zalga-alu-bagasynyn-osui-almatyda-pater-zaldauga-qalai-sygyndanbauga-bolady/

pixel