Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрылыс құнынан үш есе қымбат": Елдегі баспана бағасы шарықтаған өңірлер анықталды

Опубликовано:

Баспана сатып алу
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елде тұрғын үйдің бағасы құрылыс құнынан 2-3 есе қымбат деп хабарлайды "Хабар 24".

Ресми мәліметтерге сәйкес, тамыз айында елдегі дайын баспаналар 344 мың теңгеден саудаланған. Ал оны салу кезінде әр шаршы метріне шамамен 150 мың теңге қаржы жұмсалады.

Құрылыс құны мен үйдің бағасындағы айырмашылықты өңірлерге бөліп қарастыратын болса, көшті Маңғыстау бастап тұр. Телеарна ақпаратына сенсек, мұнда әр шаршы метрге орташа есеппен 68 мың теңге жұмсалып, кейін 251 мың теңгеге сатылады. Демек, бағадағы айырым үш есе. Ал Алматы және Жамбыл облыстарында ол бір пайыздан аспайды.

Жалпы, үй бағасы жоғары аймақтар жөнінен Нұр-Сұлтан алда тұр. Мұнда тұрғын үйдің құны өткен айларда 436 мың теңге деп белгіленді. Алматыда 408 мың, Шымкентте 357 мың, ал Атырауда 314 мың теңге болады.

Ең арзан әрі қолжетімді үйлер Тараз, Ақтөбе, Қызылорда,Талдықорған және Орал қалаларында.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде бір жыл ішінде үйдің бағасы мен пәтер жалдау құны қаншаға шарықтағаны туралы жазған едік.

Осы орайда, сарапшылар баспана бағасының шарықтауын пандемиямен, зейнетақы қорындағы қаржыны пайдаланушылардың артқанымен, құрылыс материалдары бағасының өсуімен түсіндірген болатын.

Сол арада Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде тұрғын үй бағасына қатысты өз болжамын ұсынды. Ол күзде тұрғын үй бағасының төмендеуі күтілетінін болжаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1933272-qurylys-qunynan-us-ese-qymbat-eldegi-baspana-bagasy-saryqtagan-onirler-anyqtaldy/

pixel