Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыста баспана бағасы көтеріле ме": Сарапшы жауабы

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде баспана бағасы жыл сайын құрылыс маусымы қызған тұста өседі. Осы орайда баспана бағасының болжамы туралы пікір білдірген Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев "үй бағасы қыста көтеріле ме" деген көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

"Тұрғын үй құрылысының құны жыл сайын 10-15%-ға өсіп отырады деп нық сеніммен айтуға болады. Бұл ең төменгі шегі. Яғни, осы пайызбен болжасаңыз қателеспейсіз. Бізде баға көктем сайын көтеріледі. Күн жылыған сайын баға да өсе береді. Өйткені құрылыс жұмыстары қызып, материалға сұраныс артады. Ал қыста ондай екпін болмайды", - деді Талғат Ерғалиев Құрылысшылар одағының отырысында.

Сондай-ақ, Талғат Ерғалиев бұған дейін мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін тұрғын үй сапасына сын неге көп айтылатынын түсіндірген болатын.

"Коммерциялық тұрғын үй мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша бой көтерген тұрғын үй сапасы әртүрлі. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынған баспананың сапасы неге нашар? Биыл мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға конкурс өткізілді. Оның қаражаты 2020 жылы бюджетке енгізіліп қойған. Ал смета тіпті 2019 жылы жасалған. Үш жыл ішінде материалдардың құны да, жұмыстың құны да қымбаттады", - деді Талғат Ерғалиев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1933828-qysta-baspana-bagasy-koterile-me-sarapsy-zauaby/

pixel