Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маман: Пәтердің шаршы метрі 600 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде пәтердің шаршы метрі 600 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев "Желмая" жобасында айтып берді деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Құрылыс бағасы 35-40 пайызға, құрылыс материалдары 60-90 пайызға қымбаттады. Көктем мен жазға қарай комфорт санатындағы пәтердің шаршы метрі 400 мың теңгеден арзан пәтер болмайды. 2 жылдан кейін ол баға 600 мың теңгеге жетеді. Сондықтан мүмкіндік болса, баспана ала беру керек. Ештеңеден ұтылмайсыз. Себебі баға өсе береді", - дейді Талғат Ерғалиев.

Ерғалиев пандемияға байланысты шетелден келетін мамандар саны азайғанын, бұл да баспанаға бағасына әсер еткенін айтып отыр.

"Нарықта жетпейтін мамандар шетелден келетін. Шекара жабылған соң ол қиындай түсті. 10 айда салатын ғимаратты 15 айда салса, оның құны баспана бағасына әсер етеді", - дейді ол.

Сонымен қатар, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Қазақстанға қарағанда шетелде үй арзан деген сауалға да жауап берді.

"Кейбіреулер Испания, Болгарияға қарағанда Қазақстанда үйдің шаршы метрі қымбат деп жатады. Бұл қате ақпарат. Оларда баспана бағасының арзан болуының себебі ипотека арзан кезде салынған. Барлық азаматы баспанаға қол жеткізген соң үйлерін шетелдіктерге сатып жатыр", - дейді Талғат Ерғалиев.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде бір жыл ішінде үйдің бағасы мен пәтер жалдау құны қаншаға шарықтағаны туралы жазған едік.

Осы орайда, сарапшылар баспана бағасының қымбаттауын пандемиямен, зейнетақы қорындағы қаржыны пайдаланушылардың артқанымен, құрылыс материалдары бағасының өсуімен түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1934334-maman-paterdin-sarsy-metri-600-myn-tengege-deiin-qymbattauy-mumkin/

pixel