Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл шаруашылығы министрі: Еттің бағасы өсуі ықтимал

Опубликовано:

ет
Көрнекі фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде еттің бағасы біршама қымбаттауы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Биыл жем-шөп бағасы өсіп отыр. Сол себепті еттің бағасы өсуі ықтимал. Ет өндіріп отырған шаруа қожалықтары өздерінің шығындарын өтеуі керек қой. Сондықтан еттің бағасы өседі деп болжап отырмыз, қатты өспейтін шығар", - дейді Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, отандық кәсіпкерлер етпен ішкі нарықты қамтамасыз етуге қауқарлы. Мәселен, сұранысты сиыр етімен – 97 пайызға, қой етімен – 100 пайыз, ал жылқы етімен сұранысы 97,5 пайызға қамтып отыр.

"Сондықтан ішкі нарықтағы етке деген сұраныс толықтай өзімізде өндірілетін өніммен жабылып отыр. Ал сырттан келетін ет көп емес. Өзіміздің шаруалар шығарып жатқан ет жеткілікті", - дейді Ербол Қарашөкеев.

Айта кетейік, биыл сегіз айдың ішінде еттің орташа бағасы 7,4 пайызға көтерілген. Соның салдарынан ет сатып алу көлемі азайған.

Бір жылдың ішінде қой еті қатты қымбаттап кеткен. Оның бағасы бірден 14,9 пайызға көтерілген. Одан кейін жылқы еті – 9,4 пайызға, сиыр еті - 7,8 пайызға, шошқа еті - 7,4 пайызға, ал құс еті 3,2 пайызға қымбаттаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде ұн, сұйық май, қарақұмық, жұмыртқа сынды өнімдердің бағасы қымбаттағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1937648-auyl-saruasylygy-ministri-ettin-bagasy-osui-yqtimal/

pixel