Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жалдамалы пәтерлер құны айтарлықтай қымбаттаған

Опубликовано:

Пәтер25
Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл жалға берілетін тұрғын үй құнының өсуі инфляция деңгейінен екі есе асты, бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш. Елдің әр аймағында пәтер жалдау бағасы қанша екенін Нұрфин журналистері анықтады.

Өз баспанасы жоқ қазақстандықтардың пәтер жалдауына тура келетіні белгілі. Осы ретте сатылатын үйлер мен жалдамалы пәтерлердің де қымбаттағаны анықталып отыр.

Мәселен, қазан айында тұрмысқа жайлы тұрғын үйді жалдау бағасы өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 18,5 пайызға өскен, деп жазады EnergyProm мониторингтік агенттігі.

Айта кетсек, қазан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 8,9 пайызды құрады.

Ал бұған дейін жалдамалы пәтерлер бағасы 2013 жылы 15,9 пайызға, 2020 жылы 9,8 пайызға қымбаттаған еді.

Өңірлер бойынша жыл ішінде Батыс Қазақстанда 37,4 пайызға, Алматыда 35 пайызға, Шымкентте 33,8 пайызға қымбаттады.

Алматы облысында жалдамалы пәтер бағасы тек 4,2 пайызға өсті, бұл Қазақстандағы ең төменгі көрсеткіш.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан жиында даму әлеуеті төмен моноқалалардан көшіп келушілерге жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлеуді тапсырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1940759-qazaqstanda-zaldamaly-paterler-quny-aitarlyqtai-qymbattagan/

pixel