Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда баспана бағасы тағы қымбаттады

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі фото: pixabay.com

2021 жылдың қазанындағы қорытынды бойынша жаңа пәтерлердің бағасы 1,9 пайызға өсті, ал екінші сатылымдағы пәтер бағасы 1,2 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жалға берілетін тұрғын үй саласында да бағаның өзгергені байқалады. 2021 жылдың қыркүйегінен қазанға дейін бір айда тұрғын үйді жалдау ақысы 0,9 пайызға қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес, республика бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 352 654 теңгеге бағаланады. Бұған дейін қолданыста болған пәтерді сату кезінде бір шаршы метрі үшін баға 279 216 теңгеден басталады.

Ал пәтерді жалдап тұру ақысы бір шаршы метрі үшін орта есеппен 1 888 теңге тұрады.

Осылайша бір жыл ішінде жаңа пәтер құны 14,6 пайызға, екінші сатылымдағы пәтер 23,7 пайызға қымбаттады.

2015 жылдың желтоқсанына қарағанда жаңа тұрғын үйдің бағасы 27,4 пайызға, екінші сатылымдағы үй бағасы 43,1 пайызға өсті. Баға 2020 жылдың соңы мен 2021 жылы шарықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1941318-qazaqstanda-baspana-bagasy-tagy-qymbattady/

pixel