Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалай жаңа көліктің иесі атанып, нарықтағы тапшылыққа алаңдамауға болады

Опубликовано:

Satty Zhuldyz
Фото: depositphotos

Бүгінде бұрынғыға қарағанда жаңа көлік сатып алу әлдеқайда қиынырақ екені құпия емес. Әлеуетті сатып алушылар бірнеше ай бойы таңдалған модельді күтуге немесе жүрілген көлікті қанағат тұтуға мәжбүр болып жатады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өндірушілер мен сарапшылардың пікірінше, мұның себебі бүкіл әлемде жаңа автомобильдер мен олардың кейбір компоненттерінің жалпы жетіспеушілігінде жатыр. Әрине, көлік дағдарысы Қазақстанды да айналып өте алған жоқ.

Десе де уақытты босқа өткізбей, темір тұлпарыңызды жаңартқыңыз келсе, не істеуге болады?

Іздеуді жалғастырыңыз

Әрине, егер сізге тек жаңа көлік керек болса, ойға алғаныңыздан бас тартпаңыз. «Жап-жаңа» транспорттың артықшылықтары бәріне аян – әсіресе, көлігіңіз өндіруші немесе сатушының кепілдігінде болса: сырты зақымданбаған, салоны тамаша болған жағдайда жақын жылдары жөндеу жұмыстарын ойламасаңыз да болады.

Іздеуге біраз уақытыңызды бөле отырып, барлық мүмкін нұсқаларды қарастырыңыз –сіз таңдаған көліктің басқа, бәлкім одан да жақсы моделі немесе басқа жабдықтары болуы әбден мүмкін. Бағасы мен техникалық ерекшеліктерінде айырмашылық болуы мүмкін, десе де бұл нұсқа күту уақытын үнемдеуе көмектеседі.

Сіздің кезегіңізді жылдамдататын адамдарды іздеңіз

Адамдардың броньдалған көліктерден бас тарту себептері әртүрлі боп келеді. Біреулер ойларын өзгертіп, қаражатты басқа бір нәрсеге жұмсап қояды, енді біреуі басқа бір қолайлы нұсқа тауып, тапсырыс берілген машинадан бас тартуға шешім қабылдап жатады.

Жаңа көлікке жасаған броньды сізге беруге дайын адамдарды табуға тырысыңыз, таныстар арасында "алты қол алысу" теориясы бұл жағдайда жақсы нәтиже беруі мүмкін. Әлеуметтік желілердегі тақырыптық қауымдастықтарды зерттей түсіңіз, достарыңыз бен туыстарыңыздан сұрастырыңыз. Ең оңтайлы нұсқа – автосалон менеджерімен жақсы қарым-қатынаста болу, ол клиенттер көліктен бас тартқан жағдайда, сізді хабардар етіп отырғаны жақсы.

Жүрісі қалыпты көлік іздеңіз

Автосалондар нарықтың беталысын көріп, "мұрнын көкке шиіреді". Бүгінде автосалонда жүрілген көлік сатып алуға болады. Көбінесе, осындай жағдайда жүрілгеніне көп уақыт бола қоймаған әрі жарамды кепілдігі бар машинаны таба аласыз.

Көліктің бұрынғы иесін темір тұлпарынан бас тартуға онда қандай да бір ақаудың туындауы басты мәжбүр еткен болмауы да мүмкін . Бұл жағдайда алыпсатарлар көлікті алғаннан кейін бірден салонға қайта сатып жатады.

Бұл таңдаудың артықшылығы тек кепілдік пен көліктің жаңа болуында ғана емес, сонымен қатар сатушы көлікті жаңа иесіне техникалық тұрғыдан қайта дайындайды. Сонымен қатар, салондар көліктерді бұрынғы иесінен алмас бұрын олардың заңды тазалығын да тексереді.

Көлікке өзге елден тапсырыс беріңіз

Басқа елдерден автомобильдерді жаппай әкелу - Қазақстанда өндірушілер немесе ресми рителейлер болмаған кезде аса танымал болды. "Иномарка" сатып алу бір кездері табысты саналғаны рас, дегенмен, әлі күнге дейін қазақстандықтардың басым бөлігі өз көлігін жаңартудың ең жақсы тәсілі осы деп санайды.

Сіз кез келген елден көлікке тапсырыс бере аласыз, бірақ тасымалдау кезінде тосын қауіпке дайын болуыңыз керек, одан бөлек, қосымша шығындар да болуы мүмкін. Осылайша, сіз тек логистиканы ғана емес, сонымен қатар біздің елдегі ресми баждарды да төлеуге мәжбүр боласыз. Әрине, бұл қалтаңызды жүқартуы мүмкін, есесіне, көлігіңіз көшеде заңды түрде қозғалатын болады.

Шыдамдылық танытып, хоббиіңізбен айналысыңыз

Егер ақыры шыдамдылық танытып, күтемін деп шешсеңіз, уақытыңызды хоббиіңізге немесе өзге де қызықты дүниеге арнаңыз. Мәселен, бос уақытты өткізудің ең қызықты тәсілдерінің бірі деп есептелетін - лоторея. Онымен тек қызықты уақыт өткізіп қана қоймай, оған қоса, көлік ұтып алу мүмкіндігіне ие бола аласыз – Сәтті Жұлдыз арқылы 1800 теңге жұмсап, жап-жаңа Toyota Camry 75 көлігін сыйға ала аласыз.

Бәлкім, бірнеше ай күтпей-ақ, ұтыс ойынының нәтижелері белгілі болатын 27 қарашаға дейін жаңа көліктің иесі атанып қаларсыз.

Жаңа Camry 75 көлігінің иесі атану үшін Satty Zhuldyz ұлттық лотереясының сайтында немесе сату орындарында 1800 теңгеге «Лото 6/49» лотерея билеттерін сатып алып, 27 қараша 20:55-те Satty Zhuldyz YouTube арнасында өтетін нәтижені күту қажет.

Билеттерді 26 қараша 23:59-ға дейін сатып алуға болады. Бір қатысушы шектеусіз билет санымен қатыса алады. Қатысып, өзіңіз үшін ең жақсы нұсқаны таңдаңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1943375-qalai-zana-koliktin-iesi-atanyp-naryqtagy-tapsylyqqa-alandamauga-bolady/

pixel