RU

Ұлттық банк ақша айырбастаушылардың доллар тапшылығы туралы мәлімдемесіне жауап берді

Доллар
Көрнекі фото: pexels.com

Кеше Қазақстан айырбастау пункттері қауымдастығының басшысы Арчин Ғалымбаев қазақстандық айырбастау пункттерінде халыққа сатуға доллар жетпей жатқанын айтты. Бұл мәлімдемеге еліміздің Ұлттық банкі жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалымбаев түсіндіргендей, жеке айырбастау пункттері екінші деңгейлі банктерден шетел валютасын сатып алып, кейін халыққа сатады. Өткен аптадан бастап банктер сатуға болатын көлемдерге шектеу қойды. Бұрын айырбастаушылар 50-100 мың доллардан сатып алатын болса, қазір сома бірден 10 есеге азайды. Неліктен бұлай болғанын Ұлттық банк басшысының орынбасары Әлия Молдабекова түсіндірді.

Молдабекованың айтуынша, іргелі сыртқы факторлар динамикасының нашарлауы заңды тұлғалар тарапынан да, тұрғындар тарапынан да шетел валютасына сұраныстың артуына әкелді. Сонымен қатар, осы жылдың соңы дәстүрлі түрде бюджеттерді пайдалану және келісім-шарттарды орындау есебінен шетел валютасына сұраныстың өсуімен сипатталады.

"Шетел валютасына сұраныс компаниялар тарапынан ғана емес, тұрғындар тарапынан да өсті. Бұл белгілі бір дәрежеде бір доллар үшін 430 теңге деңгейіне жетуімен және соңғы күндердегі теңгенің әлсіреу тенденциясымен байланысты, бұл халықтың шетел валютасын сатып алу белсенділігін арттырды.

Банктік және банктік емес айырбастау пункттері арқылы қолма-қол валютаны сатып алу және екінші деңгейлі банктер онлайн платформалары арқылы қолма-қол ақшасыз валютаны сатып алу көлемі өсті. Бүгінгі таңда онлайн режимінде көбірек конвертация орын алады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айырбастау пункттеріне қойылатын талаптар күшейтілгеннен кейін банктік емес айырбастау пункттерінің саны 40 пайызға дерлік қысқарды", – деді қаржы реттеушісі басшысының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1943669-ulttyq-bank-aqsa-aiyrbastausylardyn-dollar-tapsylygy-turaly-malimdemesine-zauap-berdi/