Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұлай жалғасуы мүмкін емес": Тұрғын үй бағасына зейнетақының жеткіліктілік шегі қалай әсер етеді

Опубликовано:

Тұрғын үй
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жеке қаржыны басқару бойынша тренер Өркен Дінасылов зейнетақы жинағынан алуға болатын қаражаттың шекті мөлшерінің өзгеруі жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер ететініне болжам жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаржы саласының маманы зейнетақы қорынан алуға болатын қаражаттың жеткілікті деңгейінің жоғарылауы туралы даулы шешімге қатысты пікір білдірген болатын. Өркен Дінасылов бұл құбылыстың жылжымайтын мүлік бағасына қалай әсер ететінін айтты.

"Мен болжам жасауды ұнатпаймын, бірақ Қазақстанда қазірдің өзінде бағалар (жылжымайтын мүлікке қатысты) өте жоғары, бұдан әрі осылай жалғаса беруі мүмкін емес. Неліктен ары қарай бағаның өсу ықтималдығы төмен? Біріншіден, БЖЗҚ-дан келетін ақша ағыны азаяды, екіншіден, бәрібір орташа баға қайтып оралады, доллар курсы өсіп, жылжымайтын мүлік бағасының өсімін тоқтатуы мүмкін (ықтималы жоғары) немесе нарық бағаны өзі реттейді, сұраныс пен ұсынысқа төлем қабілеті төмендеп, бос кеңістік жарылады", - дейді маман.

Еске сала кетейік, БЖЗҚ төрағасы ресми түсініктемесінде ең төменгі жеткіліктілік шегінің артуы немен байланысты екенін түсіндіріп, 2022 жылы қанша адам зейнетақы жинағын пайдалана алатынын айтты.

"Жалпы, 2022 жылы ең төменгі жеткіліктіліктің жаңа шегін ескере отырып, өз зейнетақы жинағын пайдалана алатын адамдар саны шамамен 582 мың адамды құрайды. Ал алуға қолжетімді жинақтардың жалпы сомасы шамамен 900 млрд теңге",- деді қор өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1945425-bulai-zalgasuy-mumkin-emes-maman-turgyn-ui-bagasyna-zeinetaqynyn-zetkiliktilik-segi-qalai-aser-etetini-turaly-bolzam-zasady/

pixel