Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда барлық мобильді аударым тексеріліп, азаматтарға салық салына ма

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мобильді аударымдар арқылы әріптесінің не туысының туған күніне ақша жинаған адам кәсіпкер ретінде санала ма? Мобильді төлемдерге қатысты осы және өзге де өзекті сауалдардың жауабын KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз.

Бүгінде халық арасында ақша аударымдарынан салық ұстау тақырыбы қызу талқылануда.

Айта кетсек, енді мобильді төлемдер тауарлар мен қызмет ақысын төлеудің заңды түрі болып саналады. Сол себепті мобильді аударымды қабылдайтын сатушылар осындай жолмен алынған кірісті салық есебінде көрсетуі керек.

Одан бөлек, көлеңкелі экономикаға жол бермеу мақсатында кәсіпкерліктің бар-жоғын анықтау үшін жеке тұлғалардың шотын тексеу жоспарлануда.

Бұл өзгеріс халық арасында түрлі жалған ақпараттың пайда болуына себеп болды. Осыған байланысты Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ақша аударымдарына қатысты жалған ақпараттар мен фактілердің ара-жігін ажыратып берді.

ТОП-5 жалған ақпарат

№ 1-фейк: 2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық мобильді аударымдарға салық салынады.

Түсіндірме: Жоқ, жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдар салық салуға және тексеруге жатпайды. Енгізілген өзгерістер декларацияда заңды айналымды көрсетпей, мобильді аударымдар арқылы төлем ретінде ақша қабылдайтын кәсіпкерлерге қатысты.

№ 2-фейк: Егер мен әріптестерімнен, мектептегі ата-аналардан туған күндерге аударым арқылы ақша алсам, бұл үшін маған салық алынады.

Түсіндірме: Жоқ, жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға салық салынбайды. Бұл ретте жеке тұлғалар туралы мәліметтерді 2025 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарына беру жоспарлануда.

Сондай-ақ, бір тұлғаның күнтізбе бойынша үш ай қатарынан ай сайын 80-100 адамнан бірнеше рет аударымдарды алуы кәсіпкерлік қызметті анықтау критерийлерінің бірі болып табылады.

№ 3-фейк: Мен жеке кәсіпкермін, енді мобильді төлемдерден түскен түсімдер үшін де салық төлеуім керек. Бұл екі рет салынған салық.

Түсіндірме: Жоқ, салық екі рет салынбайды, мобильді төлемдер жаңа салық түрі емес және қосымша салық жүктемесі болып табылмайды.

Жеке кәсіпкерлер өздерінің заңды айналымын көрсетуі керек. Сонымен қатар, шағын бизнес өкілдері 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылғанын хабарлаймыз.

№ 4-фейк: Салық органы 2022 жылдан бастап жеке тұлғалар туралы барлық ақпаратты банктен алатын болады.

Түсіндірме: Жоқ, жеке тұлғалар туралы ақпаратты тек 2025 жылдан бастап, жалпыға бірдей декларацияға сәйкес, екінші деңгейлі банктер береді деп жоспарлануда.

№ 5-фейк: Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдар мен қолма-қол ақша төлемдерінің есебін жүргізуім керек.

Түсіндірме: Жоқ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшасыз төлемдер мобильді төлемдер арқылы қабылданады (мобильді аударымдар арқылы емес).

Осылайша, мобильді төлемдер бойынша қаражат кәсіпкердің арнайы шотына түседі. Ал декларацияда жалпы айналымды көрсету қажет: оның ішінде қолма-қол алынған ақша да қолма-қол жасалмаған төлем де бар.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті заңды айналымды көрсететін бақылау-кассалық машиналарды пайдаланатын кәсіпкерлерге мобильді аударымдарға қатысты өзгерістер әсер етпейтінін атап өтті.

Ақша аударымдары арқылы төлемдерді қабылдайтын кәсіпкерлерде оларды қабылдау үшін жеке кәсіпкерлік шоты болуы керек.

Жеке тұлғаларға келсек, олар тауарлар мен қызметтерді өздеріне ыңғайлы кез келген жолмен төлей алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1945635-elimizde-barlyq-mobildi-audarym-tekserilip-azamattarga-salyq-salyna-ma/

pixel