Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінің мөлшері: Министрлік үндеу жасады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылға белгіленген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінің мөлшеріне байланысты қолданыстағы заңнамаға да, нормативтік құқықтық актілерге де ешқандай өзгерістер енгізген жоқ. Барлық есеп айырысуларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес жеткіліктілік шегі – белгілі бір жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы, ол Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тұрақты 10% жарналарды ескере отырып, болашақта оны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Зейнетақылардың мөлшерін халықаралық еңбек ұйымы ұсынған деңгейде (жоғалтылған табыстың 40% - ынан төмен емес) қамтамасыз ету үшін Еңбекмині зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірледі, ол мынадай көрсеткіштерді қамтиды:

  • БЖЗҚ табыстылығының жылдық пайыздық мөлшерлемесі;
  • БЖЗҚ-ға төленетін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі;
  • ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі;
  • жыл сайынғы индекстеумен жалақының ең төменгі мөлшері;
  • ең төменгі мөлшердегі базалық зейнетақыны есептеу үшін индекстеуді ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері;
  • міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі;
  • зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы.

"Жоғарыда аталған көрсеткіштердің кез келгенін өзгерту автоматты түрде жеткіліктілік шегін қайта есептеуге алып келетінін атап өту қажет. Осыған байланысты Еңбекмині әдістеме бекітілгенге дейін жеткіліктілік шегі жыл сайын қайта есептелетіні туралы бірнеше рет (2020 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейінгі кезеңде) хабарлады" делінген хабарламада.

Еңбекмині әзірлеген әдістемені бекіту туралы үкімет қаулысының жобасы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде көзделген барлық қажетті рәсімдерден өткізілді:

  • 2020 жылдың 29 қарашасында Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау өтті; 
  • 2020 жылғы 4 желтоқсанда ол Еңбекминінің интернет-ресурсында орналастырылды, онда 10 күн ішінде оған пікірлер мен ұсыныстар жиналды;
  • барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісуден өтті. 

Бұл әдістеме үкіметтің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 қаулысымен бекітілген.

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға сәйкес зейнетақы жүйесінің жинақтаушы сегментінде саясатты іске асыруды, оның ішінде жоғарыда көрсетілген әдістеме негізінде жеткіліктілік шегін есептеуді бірыңғай оператор зейнетақы қоры атынан жүзеге асырады. Сондай-ақ, заң жүзінде зейнетақы қорының өз қызметі туралы консультативтік және түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру міндеті тікелей көзделеді.

Тиісінше, Еңбекмині құзыретке ие емес, сондай-ақ оның БЖЗҚ есептейтін ең төменгі жеткіліктілік шектерінің анықтығын қандай да бір растауға мүмкіндік беретін мәліметтері болмайды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қаңтарында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді, ол азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын берді.

Бұл құқықты тұрақты зейнетақы жарналарын аудару есебінен жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар пайдалана алады. Азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек аударылған зейнетақы жарналарын ғана емес, сонымен бірге алынған инвестициялық табысты да қамтиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1945758-zeinetaqy-zinaqtarynyn-en-tomen-zetkiliktilik-seginin-molseri-ministrlik-undeu-zasady/

pixel