Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саудаңыздың 100% құнын қалай қайтарып алуға болады: Сбербанк тиімді акция өткізеді

Опубликовано:

Сбербанк
Фото: Сбербанк

Көп жағдайда жаңа бір зат сатып алған кезде көңіл күйіміздің көтеріліп қалатыны рас. Ал осы сауда жасауды барынша жағымды ету жолын білесіз бе? Ол үшін жұмсалған ақшаның кем дегенде бір бөлігін қайтарып алу жеткілікті.

Мәселе кешбэк туралы – күннен күнге танымалдылығы артып келе жатқан экономика саласындағы және тиімді сауда жасаудағы ең басты тренд жөнінде.

Мысалға, мынадай түсінік бар: үнемдесең – үзілмес. Ақшаңыздың қандай да бір бөлігін (аз болса да) қайтарып алу мүмкіндігі туындаса, оны пайдаланған абзал. Сондықтан Сбербанк Қазақстан Жаңа жылдың қарсаңында клиенттер үшін 100% кешбэк акциясын өткізеді.

Ұсыныстың мәні мынадай: 2021 жылғы 3 желтоқсаннан бастап 28 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) банктің картасымен 3000 теңгеден жоғары сомада сауда жасау керек.

Акцияға банктің кәмелеттік жасқа толған, Visa картасы бар және карта бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдер жүргізген, сауда жасаған барлық клиенттері қатыса алады.

Акцияның қорытындысы бойынша 80 жеңімпаз анықталады, олар ақшаларын кешбэк түрінде қайтарып алады, келесі айда кешбэктер нақты ақшаға айналғаннан кейін оларды қолдануға болады. Айта кетерлігі, қайтарып алуға болатын ең көп сома 50 000 теңгені құрайды (мысалы, егер транзакция 5 000 теңгеге жасалса, 5 000 теңге қайтарылады, егер 105 000 теңгеге жасалса, 50 000 теңге қайтарылады).

Ұтыс ойындары 15 және 29 желтоқсан күндері өткізіледі, жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады.

Назар аударыңыз! Егер Сіз әлі банктің клиенті болмасаңыз, Sber KZ қосымшасында карта ашып, акцияның қатысушысы атана аласыз.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020 жылы берген №1.2.199/93/31 лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1946277-saudanyzdyn-100-qunyn-qalai-qaitaryp-aluga-bolady-sberbank-tiimdi-akciya-otkizedi/

pixel