Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иегерлеріне жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгертілді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша қызметті проактивті форматта алу тәртібін жеңілдетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспановтың сөзінше, көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында 2019 жылдан бастап жәрдемақыны тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті проактивті форматта алуға мүмкіндік берілмек.

"Бұл әйелдерді кезекте тұру қажеттігінен құтқарды, олар мемлекеттік қызметтерді кез келген ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ғана SMS-хабарламаға жауап бере отырып, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім береді және банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі", – деді Ербол Оспанов.

Жеңілдетілген тәртіп мемлекеттік жәрдемақыны проактивті форматта тағайындауды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Осы өзгерістердің арқасында 2021 жылы проактивті қызмет алған көпбалалы аналардың саны 9 мың адамға дейін өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1946309-altyn-alqa-men-kumis-alqa-iegerlerine-zardemaqy-tagaiyndau-tartibi-ozgertildi/

pixel