Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі өзгерді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинағын пайдалану мерзімі өзгерді, деп хабарлайды "Отбасы Банкінің" Instagram парақшасы.

Банк қазақстандықтарға енді зейнетақыдан алынған қаражатын пайдалануға 20 жұмыс күні берілетінін хабарлады. Бұған дейін бұл мерзім 45 күн болған еді.

"Яғни, БЗТ арнайы шотқа түскеннен кейін, қаражатты 20 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі болады", - делінген хабарламада.

Осы ретте, "Отбасы Банкі" 20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтінім жіберген сәттен емес, біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шотқа түскен сәттен бастап есептелетінін атап өтті.

Сонымен бірге, хабарламада арнайы шот ашу үшін банкке барудың қажеті жоқ екені көрсетілген. Шотты онлайн түрде ашуға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Отбасы банкі" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтар желтоқсан айында зейнетақы жинағын "Отбасы банкіндегі" депозитке аудара алатынын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1946882-zeinetaqy-zinaqtaryn-paidalanu-merzimi-ozgerdi/

pixel