Зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі неліктен қысқарғаны белгілі болды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Владимир Третьяков/NUR.KZ

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғасы басқарма төрағасы Жанат Құрманов мәжілістің жалпы отырысынан кейін зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі неліктен 45-тен 20 күнге дейін қысқарғанын түсіндірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Жанат Құрманов аталған мерзімді бекіту "Отбасы банкі" мен басқа да екінші деңгейлі банктер айналысатынын жеткізді.

Оның сөзінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметіне жүгіну мен өзіңнің зейнетақы жинақтарыңды өкілетті операторлардың арнайы шотына аударар алдында қандай баспананы сатып алатынын анықтап қарап, тиісті құжаттарды даярлау керек.

Бұл қаражат инвестициялық айналымнан шығарылады және адамға инвестициялық кіріс әкелмейді.

"Шын мәнінде айналымдағы жинақ тұралап қалады. Сондықтан арнай шотта жай жатпас үшін аталған кезеңді қысқартқан тиімді болар еді", - деді ол.

Осы орайда басқарма төрағасы ел халқын құжаттарды алдын ала даярлап алып, өзіне керек баспананы айқындап алуға шақырды.

Оның сөзінше, адамдар тиісті дайындық жұмыстарын жүргізсе, Үкімет есептеуі бойынша 20 күн жеткілікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1947119-zeinetaqy-zinaqtaryn-paidalanu-merzimi-nelikten-qysqargany-belgili-boldy/