Еліміздің азаматтары банктерге қанша қарыз
Опубликовано:

Еліміздің азаматтары екінші деңгейдегі банктерге қанша қарыз екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі сәтте жеке тұлғаларды кредиттеу көлемі 8,99 трлн теңгені құрап отыр, оның ішінде 2,9 трлн теңге – ипотекалық қарыз, 5,79 трлн теңге – тұтынушылық қарыз.
Халық депозитте қанша қаражат жинады?
Жеке тұлғалардың депозиті 12,37 трлн теңгені құрайды. Жыл басынан бері жеке тұлғалардың депозиті 14,6%-ға ұлғайды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин қазақстандықтардың проблемалық қарыздарын реттеудің жаңа тәртібі туралы мәлімдеме жасады.
Қарызды қайта құрылымдау үшін мерзімі өткен берешекті реттеудің мынадай түрлері заңнамалық тұрғыдан белгіленді:
1) сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;
2) қарыз валютасын ұлттық валютаға өзгерту;
3) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру;
4) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеудің кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басымдық тәртіппен өтей отырып, өзгерту;
5) қарыз мерзімін өзгерту;
6) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, қарызға қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялардың және өзге де төлемдердің күшін жою.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1947771-elimizdin-azamattary-bankterge-qansa-qaryz/