Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балабақша тәрбиешісі балаларды ұрып-соққан: Оқиғаға қатысты тың деректер шықты

Опубликовано:

Балабақша
Видеодан кадр: Алматы телеарнасы

Балабақшадағы балаларды жұлқылып ұрып, бейнекамераға түсіп қалған тәрбиешінің видеосы қоғамда қызу талқыға түсіп, бір топ ата-ана дәл сол қызметкер жұмыс істейтін балабақшаға барып дау шығарды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Бұл оқиғадан соң ата-аналар балабақшаның жабылуын сұрады. Өйткені осыған дейін де шағым түсіргенбіз, алайда жауапсыз деп ашулы.

Қазір алты жасар баланы аяусыз ұрды деп айып тағылған тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, жұмыстан шеттетілген көрінеді. Алайда ашулы ата-аналар оған қатаң жаза қолдануды өтініп отыр.

"Баламыз айтуға қорқып, балабақшаға барғысы келмей жүр" деген ата-ана аталмыш орталықты тыңғылықты тексерсе, былығы жетіп артылады дейді.

"Қызым жуынды жейді, одан қалса таяқ жейді, тәрбиеші шымшыған екен. Басе, шомылдырған кезде "аяғым" деп ауырсынады. Сонда да шомылдырамын. "Мама, мені ұйықтағанға дейін алып кетші" деп жылайтын", – дейді ата ананың бірі

95 баланы тәрбиелеп отырмыз деген балабақша басшылығы бұрын-соңды шағым түспеді деп ақталды. Ал басы дауға қалып, баланы ұрды деп айыпталған тәрбиеші мұнда екі жыл бойы қызмет етіп келеді екен.

"Бұған дейін мұндай жағдай тіркелмеген. Балабақша бойынша бірінші рет осындай жағдай болып отыр. Ол тәрбиеші бойынша айтатын болса, ол кісі 2-дәрежелі педагог. Неге ондай қадамға барғанын білмеймін. Айта алмаймын", – дейді балабақша меңгерушісі.

Аталмыш іске қатысты қазір Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдіріп, іс қозғалып жатқанын хабарлады.

"Қылмыстың кодекстің 140-бабының 2-тармағы бойынша заң шығарушы орган  қылмысты жасаған азаматқа 3 жылға дейін бас бостандығына айыру мерзімін беруді көздеп отыр", – деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1948810-almatyda-balabaqsa-tarbiesisi-balalardy-uryp-soqqan-oqigaga-qatysty-tyn-derekter-syqty/

pixel