Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде дизель бағасы 400 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе: Энергетика министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Бензин
Көрнекі фото: pexels.com

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ОКҚ-да өткен брифингте елімізде дизель отыны литріне 400 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде жанар-жағармай құю бекеті желілерінің құжаты тарап жатыр. Онда АИ-92 бензині 240 теңгеге, ал дизель отыны 400 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екені айтылған.

Энергетика вице-министрі құжатты көргенін айтты.

"Бұл хат екі айдан бері әлеуметтік желіде тарап жатыр. Компаниямен байланыстық. Олар өз тұтынушылары үшін осындай болжамдар, коммерциялық ұсыныстар жасағанын айтты. Яғни, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қарым-қатынас", - дейді Мағауов.

Оның сөзінше, дизель отыны 400 теңгеге дейін қымбаттамайды.

"Жоқ, менің ойымша, дизель 400 теңгеден болмайды. Негізінде қазір бағаның біраз тұрақтағаны байқалады, Ресейден келетін импорт жақсарды. Министр атап өткендей, бағаға болжам жасау қиын. Мұның бәрі мұнайдың әлемдік бағасына байланысты.

Біз ішкі нарықтағы бағаларға әсер ететін белгілі бір корреляцияны көріп отырмыз, өйткені дизель отынын импорттауды жалғастырудамыз. Бірақ қараша немесе қазан айларындағыдай ірі көлемде емес. Қазір импорт көлемі азайды, бірақ жалпы бағалармен корреляция бар", - дейді вице-министр.

АИ-92 жанармайының бағасы туралы сөз қозғаған Әсет Мағауов қазір Қазақстан өзін-өзі бензинмен толық қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.

"Бензин бойынша біз өз қажеттілігімізді жабамыз деп ойлаймын, кейін бәрі бензин тұтыну қаншалықты өсетініне байланысты болды. Біз бензин бойынша биржалық сауда жүргіземіз, бұл - нарық индикаторы. Бағаның күрт өсу үрдісін көріп отырған жоқпыз", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1948958-elimizde-dizel-bagasy-400-tengege-deiin-osui-mumkin-be-energetika-ministrligi-zauap-berdi/

pixel