Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылы "Отбасы банк" ұлттық даму институтына айналады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Pexels

"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы "Отбасы банк" АҚ 2022 жылы ұлттық даму институтына айналады. Бұл туралы холдингтің ресми сайтында хабарланды.

"Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Айдар Әріпханов тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы аясында "Отбасы банк" базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылатынын хабарлады.

Орталық тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алып, тіркелген күні бойынша баспана бөлуді жүзеге асырады.

"Тұрғын үй орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілетін болады. Сонымен қатар екінші деңгейлі банк мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесі бар банкке өзгерту жоспарлануда", - деді Айдар Әріпханов.

Сондай-ақ оның айтуынша, "Отбасы банк" облыс әкімдерімен бірлесіп, даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз, сыйақы мөлшерлемесі 2-5 пайыз болатын жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлейді.

Оны 2022 жылдың 1 тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1948963-2022-zyly-otbasy-bank-ulttyq-damu-institutyna-ainalady/

pixel