Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылы жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді

Опубликовано:

теңге
Фото: NUR.KZ/Владмир Третьяков

2022 жылы базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің жаңа мөлшері бекітіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2022 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңге болады. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгені құрайды. Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге жетеді. Осыған байланысты зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлем мөлшері де артады.

Бала туғанда және оның күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы

Бала тууға байланысты жәрдемақының мөлшері бекітілген:

  • бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК немесе 116 394 теңге;
  • төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе 192 969 теңге.

Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.

Бала күтіміне берілетін жәрдемақы балаға қарайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады. Ол сәби бір жасқа толық толғанға дейін төленеді:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 17 643 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 20 859 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 24 044 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 27 261 теңге.

Декретке дейін жұмыс істеген әйелдердің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек. Ол былай есептеледі: соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентке көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастау керек.

Көпбалалы аналарға қанша жәрдемақы төленеді

2020 жылдың қаңтарынан кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы жанұяға бала санына қарай төленеді.

2022 жылы оның мөлшері:

  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 49 100 теңге; 
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 61 382 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 73 665 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 85 948 теңге;
  • 8 және одан көп баласы бар отбасыларға 32,06 АЕК немесе 98 200 теңге және одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК.

2022 жылы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы әйелдерге ай сайын 6,4 АЕК немесе 19 603 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 

Мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша берілетін жәрдемақы

2022 жылы мүгедектерге берілетін жәрдемақы:

  • 1-ші топ – 69 155 теңге;
  • 2-ші топ – 55 108 теңге;
  • 3-ші топ – 37 459 теңге.

Сенат қыркүйекте қабылдаған жаңа заң жобасына сәйкес, барлық топтағы мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері 16,7%-тен 37%-ке дейін өседі. Бұл шара 30 мыңнан астам мүгедек баланы қамтиды.

Сонымен қатар мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны бір уақытта алуға мүмкіндік беретін құқық енгізу қарастырылып жатыр. Қазір мүгедек балалар ата-анасы ажырасқан жағдайда алимент пен мүгедектігі бойынша жәрдемақыны бір уақытта ала алады. Бірақ ата-анасының (асыраушысының) біреуі немесе екеуі қайтыс болған жағдайда бала мүгедектігі бойынша жәрдемақыны немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақының біреуін ғана алады. Осы норма енгізілген жағдайда, 2 мың бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен бірге асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны да ала алады.

Асыраушысынан айырылу бойынша ай сайынғы жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (КД) мөлшеріне қарай тағайындалады:

  • отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған жағдайда 0,86 КД немесе 30 975 теңге;
  • екі мүшесі болса – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне 1,49 КД немесе 53 667 теңге;
  • үш мүшесі болса – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне 1,85 КД немесе 66 633 теңге;
  • төрт мүшесі болса – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне 1,96 КД немесе 70 595 теңге;
  • бес мүшесі болса – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне 2,03 КД немесе 73 116 теңге;
  • алты және одан да көп адам еңбекке жарамсыз болса – 2,11 КД немесе отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне 75 998 теңге.

Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда жетім балаларға асыраушысынан айырылуына байланысты ай сайынғы жәрдемақы әр балаға 1,18 КД немесе 42 501 теңге, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,54 КД немесе 19 450 теңге мөлшерінде тағайындалады, бірақ ол отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесі үшін 2,56 КД немесе 92 206 теңгеден аспауы керек.

2022 жылы мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 миллион қазақстандықтың табысы өседі, ал ең төменгі жалақының ұлғаюы экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,6 миллион адамның табысы өсуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін 2022 жылға арналған республикалық бюджетте 4 триллион теңге (9,3 миллиард доллар), оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақыны индекстеуге 190,4 миллиард теңге (443 миллион доллар) қарастырылған.

Еңбек министрлігі бұл 4,2 миллион адамның табысының артуына әкелетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын 900 мыңнан астам адамның табыс деңгейіне оң әсер етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1949541-2022-zyly-zardemaqy-molseri-qalai-ozgeredi/

pixel