Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ең төменгі жалақы, АЕК пен күнкөріс деңгейі өсті

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Владимир Третьяков/NUR.KZ

Жаңа жылдан бастап мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ең төменгі жалақы

Елімізде 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 60 мың теңгені құрайды. Өткен жылы оның мөлшері 42 500 теңгеге тең болған еді.

Бірінші кезекте, ең төменгі жалақының көтерілуі айлығы өте төмен жұмысшылардың табысына оң әсер етеді. Бүгінде жалақысы 60 мың теңгеден аз 1 миллион 650 мың адамның кірісі артады.

Екіншіден, жұмыс берушілер жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төмен жалақы көрсеткішіне сай қызметкерлердің басқа да санаттарының жалақысын қайта қарайды.

Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер еңбекақыны ең төменгі жалақыдан кем емес деңгейде төлеуге міндетті.

Айлық есептік көрсеткіш

Айлық есептік көрсеткіш (жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданады) 2022 жылы 3 063 теңгеніқұрайды. 2021 жылы ол 2 917 теңге болды.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі

Ең төменгі күнкөріс деңгейі базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылады.

Былтыр оның көлемі 34 302 теңге болса, 2022 жылы 36 018 теңгеге дейін өсті.

Елімізде күнкөріс минимумы мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияға қарай, жыл сайын көтеріліп тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1949587-elimizde-en-tomengi-zalaqy-aek-pen-kunkoris-dengeii-osti/

pixel