Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк инфляцияны қалай төмендетпек: Досаев түсіндірді

Опубликовано:

Ерболат Досаев.
Фото: government.kz: Twitter

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында инфляцияны төмендетуді іске асыру туралы жоспарын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Досаев бірінші кезекте инфляцияны 2025 жылы 3-4% орта мерзімді таргетке дейін төмендету бойынша шаралар қолданылатынын мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін Ұлттық банк негізгі үш бағыт бойынша шаралар қабылдайтын болады. Бірінші, инфляцияны 2025 жылы 3-4% орта мерзімді таргетке дейін төмендету. Бұған дейін 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметпен бірлесіп жылдық инфляцияны 8,4%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берген инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін іске асыру басталды", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ерболат Досаев аталған шаралардың 2025 жылғы межеге жету үшін жеткіліксіз екенін айтты.

"Бұл ретте аталған деңгей жоғары деңгейге жатады және ақша-кредит саясатының тиімділігін шектейді деп есептеймін. Осыған байланысты Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді ескере отырып, бағаның өсуімен күресуге бағытталған, 2022 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған инфляцияны бақылау жөніндегі шаралар кешені қабылданатын болады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1950680-ulttyq-bank-inflyaciyany-qalai-tomendetpek-dosaev-tusindirdi/

pixel