Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік кірістер органдары барлық тексерулерді 1 ақпанға дейін тоқтатты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру шаралары аясында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2022 жылдың ақпанына дейін бақылау шараларына уақытша тоқтатылды. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдарымен басталған және ұйымдастырылатын салықтық және кедендік тексерулерді, сонымен бірге тауарлар шыққаннан кейінгі кедендік және басқа құжаттар мен мәліметтерді тексерулер уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Осылайша, 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдарымен басталған барлық тексерулер тоқтатылады.

Сонымен қатар, аталған мерзімге дейін мемлекеттік кірістер органдарымен құқық қорғау органдарымен, өз қызметтеріне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің арыздары бойынша тағайындалатын тексерулерді қоспағанда жаңа тексерулерді тағайындалмайды.

Одан бөлек, 2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау жүргізуді, сондай-ақ оның нәтижелерібойынша камералдық бақылау бойынша хабарламалар мен салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды қалыптастыруды уақытша тоқтатқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1951795-memlekettik-kirister-organdary-barlyq-tekserulerdi-1-aqpanga-deiin-toqtatty/

pixel