Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен бизнес нысандардың бәрі салықтан босатыла ма

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владмир Третьяков

Қаңтар трагедиясы кезінде зардап шеккен ірі бизнес субьектілері де салық жеңілдіктеріне өтініш бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті әдіснама департаментінің директоры Әлия Жетібаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның сөзінше, бүгінде 2023 жылға дейін бүкіл микро және шағын бизнес нысандары салықтан босатылған. Ал ірі субьектілер салық төлемдерін кейінге қалдырғысы келсе, мемлекеттік кірістер комитетіне келіп, өтініш жаза алады, деді Әлия Жетібаева.

Салық кодексі бойынша, кез келген бизнес нысанында осындай мүмкіндік бар.

"Ал зардап шеккендерге үкіметтік комиссия мен "Атамекен" палатасының, әкімдіктердің тізімі бар. Сол тізімдегілер де салық төлемдерін шегерткісі келсе, арыз жаза алады", - деді департамент директоры.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1952409-tartipsizdikter-kezinde-zardap-sekken-biznes-nysandardyn-bari-salyqtan-bosatyla-ma/

pixel