Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев Бостандық ауданының әкімін қатаң сынға алды

Опубликовано:

сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: kstnews.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев аппараттық отырыс кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеруге қатысты ең көп заңбұзушылықтар Бостандық ауданындағы дүкендерде анықталғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, кеше ол еліміздің премьер-министрімен үйлердің маңында шоғырланған, тексерістер бойынша қорғалатын аймақта орналасқан дүкендерге қатысты әңгімелескен.

"Тұтастай алғанда, әкімдік тарапынан бағаларды реттеуге қатысты шешім шығару туралы нұсқа бар. Бұл шешімді қазіргі таңда тауардың екі түрі бойынша әзірлеп жатырмыз. Олар - сәбіз бен күнбағыс майы.

Премьер-министр қала бойынша әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік пен тауарлардың барлығы бойынша жедел түрде шешім қабылдай алуымыз үшін ережелерге енгізілетін өзгерістерді қолдады.

Сауда орындарына осындай күрделі кезеңде "еркелемесін" дегім келеді. Бізде осындай мәселелерді реттеуге арналған құрал пайда болады. Белгілі бір мерзімге бағаларды ұстап тұру мүмкін болады.

Біреулер мұны антинарықтық шаралар деп атауы мүмкін, алайда нарық жағдайында келісімдер мен заңбұзушылықтар орын алса, біз қатаң түрде әрекет етуіміз керек. Дүкендердің ғана емес, азық-түлік базаларының да мониторингін жүргізу керек", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен бірге, қала әкімі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын көтеруге қатысты заңбұзушылықтардың көбі Бостандық ауданында анықталғанын тілге тиек етті.

"21 заңбұзушылық. Аудан жұмыс істемей ме, не? Түрксіб ауданында бір де бір олқылық анықталмаған. Ал заңбұзушылықтардың дені Бостандық ауданында", - деді Алматы әкімі.

"Керісінше, біз күн сайын мониторинг жасап, дүкен қожайындарымен бағаны түсіру туралы сөйлесеміз", - деп жауап берді Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахимбетов.

"Түркісіб ауданының әкімі жұмыс істемейді дегіңіз келе ме?", - деп қарсы сұрақ қойған қала басшысына Рахимбетов:

"Жоқ, күнделікті мониторинг жасалатынын айтқым келеді", - деді.

"Егер сіздерде күнделікті мониторинг жасалса, онда заңбұзушылық та болмауы тиіс еді. Бақылауға алыңыз", - деді Сағынтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952646-sagyntaev-bostandyq-audanynyn-akimin-qatan-synga-aldy/

pixel