Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді
Опубликовано:

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені көтерді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 10,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 9,25% болады", - делінген хабарламада.
Ұлттық банк шешім инфляциялық болжамдарды төмендету және инфляцияның 2022 жылдың соңына қарай белгіленген 4-6% нысаналы дәлізге кіру қажеттілігі ескеріле отырып қабылданғанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1952698-ulttyq-bank-bazalyq-molserlemeni-koterdi/