Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің қай өңірінде жұмыссыз жастар үлесі көп екені анықталды

Жарияланған күні:

Жұмыс
Көрнекі сурет: pixabay.com

Еліміздегі жұмыссыз жастардың көпшілігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Қарағанды облысында екені анықталды. Одан бөлек, жұмыссыз ерлерге қарағанда жұмысы жоқ қыздардың саны әлдеқайда көп болып шықты, деп хабарлайды finprom.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2021 жылдың үшінші тоқсанында 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7 пайызды құрады.

Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 3,9 пайызға тең болған. Қаладағы жастар жұмыссыздығының деңгейі ауылдық жерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Яғни, ауылдағы жұмыссыз жастар үлесі 3,2 пайыз болса, қалалықтардың үлесі 4,1 пайызға тең екені белгілі болған.

Салыстырып қарайтын болсақ, жалпы республика бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға тең. Бұл ретте, қалалық (5%) және ауылдық жерлердегі (4,7%) жұмыссыз жастар санында айырмашылық көп емес.

Еске салсақ, қаңтар оқиғасынан кейін үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел іс-шаралар жоспарын қолға алған. Онда, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсаты көрсетілген болатын. Нақтырақ айтсақ, "Жастар тәжірибесі" және "Бірінші жұмыс орны" жобалары аясында жалақы мөлшері артып, тәжірибеден өту мерзімі ұлғайтылады.

"Жастар тәжірибесі" жобасы бойынша тәжірибеден өту 6 айға дейінгі мерзімді қамтиды, ол бойынша төленетін айлық мөлшері 25 АЕК-ті құраса, "Бірінші жұмыс орны" жобасы негізіндегі еңбек шарты 24 айдан басталып, бірінші жылы жұмыспен қамту орталығы 20 АЕК негізінде айлық субсидиялайды.

Гендер тұрғысында ерлер арасындағы жұмыссыздық (4,4%) деңгейі әйелдерге (3,1%) қарағанда айтарлықтай төмен болып шықты. Қаладағы әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызға, ауылдық жерлерде 4,1 пайызға жетсе, қалалық ер азаматтарға тиесілі жұмыссыздық көрсеткіші 3,6 пайызды құраған. Бұған қарағанда, ауылдағы ер-азаматтар арасында жұмыссыздар аз екен. Олардың үлесі 2,4 пайызға тең болған.

Қазақстан аймақтарында жастар арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Алматыда (5,4%), одан кейін Нұр-Сұлтанда (4,6%) және Қарағанды облысында (4,3%) байқалған. Ең төменгі деңгейі Атырау, Ақтөбе және Павлодар облыстарында екені айқындалып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1953271-elimizdin-qai-onirinde-zumyssyz-zastar-ulesi-kop-ekeni-anyqtaldy/