Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде кредит төлей алмайтын адамдарға қатысты заң әзірленіп жатыр

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң жобасын 4 ақпанға дейін үкімет кеңсесіне енгізуді тапсырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған орай 18 заңнамалық актіге – 7 кодекс пен 11 заңға түзету енгізу жоспарланған.  

"Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын",  –  деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, Қазақстанда жеке азаматтардың банкроттығы туралы заңды қабылдау мәселесі талай рет көтерілді. Бірақ осы уақытқа дейін қолға алынбады.

Жуырда депутаттар жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң қабылдауды ұсынды. Мақсат – банкке қарызын төлей алмай, күнін әрең көріп жүрген қазақты жалғыз баспанасынан айырмау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1953458-elimizde-kredit-tolei-almaityn-adamdarga-qatysty-zan-azirlenip-zatyr/