Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде бизнесі шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қиратылған банкоматтар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнесі шығынға ұшыраған алматылық 17 кәсіпкерге өтемақы төленді, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Ведомствоның мәліметінше, шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі өңірлік комиссиялар кәсіпкерлерден түскен өтініштерді қарап жатыр.

31 қаңтардағы жағдай бойынша InfoKazakhstan.kz электрондық платформасы арқылы Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан залалды өтеуге 2000-нан астам өтінім берілген.

Ведомство өтінімдер оңайлатылған тәртіп бойынша және сот сараптамасының қорытындылары негізінде өтініш берушінің қалауы бойынша қаралатынын атап өтті.

Бұл ретте Алматы қаласында сараптамаларды жедел жүргізу үшін 33 сарапшы жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрылған.

Бүгінгі таңда өңірлік комиссиялар оң шешім қабылдап, өтемақы өтініш білдірген бизнесмендердің есеп шотына аударыла бастаған. Мәселен, Алматы қаласында 17 кәсіпкер жалпы сомасы 33 миллион теңге көлемінде өтемақы алған.

Үкімет бизнестің қызметін қалпына келтіру мақсатында оларға келтірілген залалды жедел өтеу жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыратынын айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1953780-almatyda-tartipsizdikter-kezinde-biznesi-sygynga-usyragan-kasipkerlerge-otemaqy-tolene-bastady/

pixel