Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұнайшылар мен экономистер емес: Елімізде ең жоғарғы жалақыны кімдер алады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Polisia.kz

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың төртінші тоқсанында елімізде бір қызметкердің орта есеппен жалақысы 275 580 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салалық құрылымда ең жоғарғы жалақы тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу мамандарына тиесілі. Ол орта есеппен 546,4 мың теңгені құрайды (республикалық орташа деңгейден екі есе жоғары).

Ал қаржы және сақтандыру қызметінде – 520,7 мың теңге (1,9 есе), кәсіптік қызмет пен ғылыми-техникалық салада – 442 мың теңге (1,6 есе), ақпарат және коммуникация саласындаа – 370,1 мың теңге (1,3 есе).

Ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында орта жалақының ең төменгі деңгейі тіркелді. Ол 167,3 мың теңге.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы орта жалақы Атырау облысында (420,4 мың), керісінше ең төменгісі Солтүстік Қазақстан облысында байқалған (203 мың теңге).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1954282-munaisylar-men-ekonomister-emes-elimizde-en-zogargy-zalaqyny-kimder-alady/

pixel